Мен, Алматұлы Ақжол Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін.
Мен Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ-інде 2023 жылдың 23 қаңтар мен 3 ақпан аралығында танымдық практикадан өттім. Алғашқы күні мектеп оқушыларымен, мектеп әкімшілігімен танысып шықтым. Одан кейінгі күндері мектептегі практика жетекшісі Раушан Оралхановнаның сабақ беру әдістерімен таныстым. Келесі күні мен оқушылармен «Баланың ойы – білімде» тақырыбында тренинг өткіздім.
Тренинг қана өткізбей жетекшінің сабағына қатысып отырдым. Мұғалім оқушылардың алдында өзін қалай өзін ұстау керек екенін көріп білдім. Жетекшім Раушан Оралхановна өте тәжірибелі ұстаз екен, маған барлық жағынан аянбай көмектесті. Келесі аптада мен әдебиет пәнінен өтіп жатқан тақырып бойынша ашық сабақ өткіздім. «Шұғаның белгісі» повесін оқушылар талдап, сол заманның қасіретті кездеріне ой шолу жасады. «Интернеттің зияны» деген тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар біздің заманда, яғни айлар, күндер зымырап жатқан шақта уақыттың көбісі интернетке кететінін ой елегінінен өткізді. Интернетте отыруды азайтуды ескертіп және оны өзім де ескеретін болдым. Ұялы телефонды тек сабақ үшін пайдалансақ біраз нәрсеге қол жеткізеріміз анық, бірақ денсаулыққа кері әсер ететінін де білуіміз керек.
Жалпы танымдық практикада көптеген жұмыстардың барысымен танысып, үйрендім. Мұғалімдердің мен білмейтін істейтін жұмыстары көп екен. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп бекер айтпаған. Мен танымдық практика өткен мектеп ұстаздары тәжірибелі, білгендерін барынша айтып қолғабыс жасады. «Болар баланың бетін қақпай, белін бу» деген сөзге лайық жұмыс көрсетіп, алдыға үлкен мотивация берді. Осы танымдық практика арқылы өзімнің таңдаған мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті. Алдағы уақытта нақты жоспар құрып, онымен жұмыс жасап, ұстаздықтың іргетасын қалаймын деген ойдамын. Ұстаз бола білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, жақсы ұстаз болу көп еңбектенуді қажет етеді. Қорытынды келгенде, түсінгенім, біз, басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеді екенбіз.
Алматұлы Ақжол
Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 22-1 тобы