Ректордың кубогына шағын футболдан турнир

2021 жылдың 14 мамырында үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай “Bolashaq” академиясында оқытушылар мен ЖОО студенттері арасында “Ректор кубогіне” арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталған жарыстың нәтижесінде 1- курс студенттерінен жасақталған “Батыр” командасы 3- орынды иеленсе, 4- курс студенттерінен құралған “Bolashaq Teachers” командасы 2- орынды қанжығаларына байлады.

Оқытушылардан құралған “Bolashaq құрамасы” сайыс жеңімпазы атанды.

Ал екінші және үшінші курс студенттерінен іріктелген “Мәрлен” командасы жүлделі орындардан тыс қалды.

Жекелей жүлделерге келсек, бірінші курс студенті Досан Сұңғат “Үздік қақпашы” атанса, Айтбаев Жақсылық “Үздік ойыншы” номинациясын иеленді.

Сайыстың үздік сұрмергені Нұрқасым Құдайберген “Үздік шабуылшы” атағын иемденді.

Жарыс соңында Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы жүлдегерлерді марапаттап, жылы лебізін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.