2022 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды «Bolashak» академиясынның Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары латын графикасын студенттер арасында кеңінен насихаттау барысында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» эссе конкурсын өткізді. Эссе жазуға 1-4 курс студенттері қатысты. Тәуелсіздік жылдары қазақ елінің жүріп өткен жолын саралау және болашағын болжау арқылы 1-4 курс студенттері бойына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені негіздеу мақсатында жүргізілген эссе жазу жұмысы жақсы нәтижеге жетті. Қазақ тілі мен әдебиеті ББ бағдарламасының оқытушылары эссені тексеріп, қорытындысын шығарды. Қатысқан барлық студенттер тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете түсінді және ойларын тек қазақ тілінде ғана емес, латын графикасы негізінде де жақсы жеткізе білді деп ойлаймыз.
You may also like
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары 2023 жылғы 19-20 желтоқсанда Алматыда (онлайн)өткен “МЕЙІРІМДІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 10 ЖЫЛ” халықаралық сарапшылардың қатысуымен VIII […]
12 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын […]
“Bolashaq” Академиясының ПОҚ үшін жыл сайынғы семинарлар шеңберінде 2024 жылғы 12 қаңтарда Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды […]
“Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасы филиалының жұмысы аясында №1 гимназия базасында 11 сынып оқушылары мен “Bolashaq” Академиясының студенттері үшін “Қазақстан қазіргі […]