2021 жылдың 10-желтоқсанында Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Мекадилова Самал Кемелбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата -бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Іс-шараны әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Исмаилова Р.Н. құттықтау сөзімен ашты.
Кеш барысында тәуелсіздігімізді жырламас бұрын, тәуелсіздік жолында құрбан болған, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарды еске алып, рухына тағзым ету мақсатында үнсіздік жарияланды.
Одан әрі қарай кешіміз ән-жырмен өрнектеліп, студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Ән-әуенмен қоса, мәңгі Желтоқсан құрбандары жөнінде көріністер қойылды. Студенттердің дайындығы өте ерекше болды.
Тәуелсіздігімізді мәңгі ту ету – жастардың қолында! Тәуелсіздігіміз мәңгі тұғырлы болғай!