“Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы

9 желтоқсанда “Әділет”студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Үйірме отырысы Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналды.

Отырысты заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н. Жұмжұмаев ашып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының сот жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Отырыста “Ұлт жоспары – 100 нақты қадам” бағдарламасының, “Қазақстан-2050” Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат Тұжырымдамасының, “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің ережелері қаралды.

Үйірме отырысына қатысушылар азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың өзекті мәселелерін, медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен дауларды реттеу туралы келісімдер жасасудың ерекшеліктерін, сот өндірісіне жасанды интеллект және блокчейн технологияларын енгізуді талқылады.

М. Қожахметов азаматтық сот өндірісіне жасанды зердені енгізу перспективалары туралы айтып берді.

Отырысқа қатысушылар А.Орынова, А. Мергембаев азаматтық сот ісін жүргізуде жасанды интеллект технологияларын қолданудың моральдық-адамгершілік аспектілері туралы мәселені көтерді.

Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті. Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану, шет елдерде жасанды интеллект және Big Data технологияларын сот ісін жүргізуге енгізу мәселелері, сондай-ақ заң практикасында нейрондық желілерді қолданудың құқықтық аспектілері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.