2022 ж. 21 қазанда “Құқықтану” білім беру бағдарламасының Ю-21-2 тобы және топ кураторы Нұртаева Динара Бөгенбайқызы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Ашық кураторлық сағат жұмысына кафедра оқытушылары қатысты. Ашық кураторлық сағатта сыбайлас жемқорлықтың ең өзекті мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық фактілерінің көптігі қоғамның қай саласында болмасын, әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмайды. Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді деп санайды және мемлекет пен қоғамды осы жағымсыз құбылысқа қарсы күресте күш біріктіруге бағыттайды.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Бұл құбылысқа қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық әдістерін қолдану арқылы ғана қарсы тұруға болады, осылайша бұл ауру одан әрі асқынбайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының азаматтық борышы ретінде қаралуға тиіс.
Біздің мемлекетіміз, көптеген басқа мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Сондықтан қоғамды жаулайтын қауіпті індетпен бірге күресу керек екендігі баса айтылды.