Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

2022 жылғы 27 қазанда Мартбек Мамыраев атындағы № 68 мектеп-интернатының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, “Қазақ тілі мен әдебиеті ” білім беру бағдарламасының түлегі Абылғазин Сағындық Иранұлы Қазақстан Республикасы күніне арналған “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттерімен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі бағыты тілімізді, ұлттық мүдделерімізді жаңа көзқарастармен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы күніне орай өткізілді. Сонымен қатар, жастар арасында сөз өнері насихатталады, көркем сөз өнері жетілдіріледі, жастарға мамандық таңдауға, өз елінің патриоты болуға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.