Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылдың 14 маусымында фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Султанов Алшын Камалович және кафедраның аға оқытушысы Темиреева Кумисжан Слямгазиновна “Қарағанды медициналық интерколледж” ЖМ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Оған фармацевтика және мейірбике факультеттерінің түлектері, оқытушылар мен колледж қызметкерлері қатысты. Биыл 200 түлек бітіреді, оның ішінде 70 түлек – фармацевтер.

Буклеттер, “Лимонад” журналы таратылды. Кездесу барысында: оқу төлемақысы туралы, оқу мерзімі туралы және құжаттарды қабылдау ережелері туралы түлектердің білгісі келген сұрақтары қойылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.