Балалар үшін жаңа жылдық концерттік бағдарлама

23 желтоқсан күні адамгершілік педагогика клубының мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне мерекелік кеш өткізу мен қайырымдылық жасау мақсатында барды. Біздің клубымыздың мүшелері жыл сайын балалар үйіне келіп тұрады және балалармен жақсы таныс. Осы шараға орай біз балаларға арнап аяз ата мен ақшақар, қар ханшайымы мен қар патшасы, эльф секілді кейіпкерлермен көрініс өткіздік және ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырдық. Сонымен қатар, балаларға арнап 5 үлкен тәтті торт пісірдік, мол дастархан жайдық.

Біздің басты мақсатымыз – жетім балалардың жүздерінен бақыт пен қуаныш сезімдерін көру еді. Ақыры біз өз қалағанымызға жеттік және соған разы болдық. Аталған шараға А.Бокижанова, Ә.Аманбекова, Р.Ахмалтдинов, К.Перепечкина, Д.Назарова, Л.Жампеисова, В.Шабанова, А.Мухамеджанов, оқытушылар Г.Т.Таликова, К.Т.Ибрахимова белсенді қатысты. Әркім өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындады.

Келешекте осы дәстүрді әрі қарай жалғастыратын ойымыз бар. Себебі осындай кішкентай нәрселердің өзі адамдарға, әсіресе бүлдіршіндерге қуаныш сыйлай алады. Ал біздің клубымыз «біреуді бақытқа бөлесең, өз бақытыңның да кілтін табасың» деген нақыл сөзге сенеді.

«Bolashaq» академиясының адамгершілік педагогика клубының мүшесі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Ә.Аманбекова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.