ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
1992 жылдың 4 маусымында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздерін бекітті.
Біз бәріміз елдің саяси тұрақтылығын білдіретін осы мерекені мақтан тұтамыз. Еліміздің Мемлекеттік рәміздері ел егемендігін нығайтуды бейнелейді, құндылықтарды бейнелейді, болашаққа жоспарларды көрсетеді.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн Біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің қайнар көзі болып табылады. Біз өз рәміздерімізді қастерлеп, олардың мағынасын білуге міндеттіміз. Қарағандылықтар мәдениет, спорт, білім салаларында халықаралық аренада Қазақстанның туын бірнеше рет көтерді.
Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы бізден бірлескен күш-жігерді, жасампаз әрі жемісті жұмысты талап етеді. Қазақстандық патриотизм-ел ұлылығының сенімді кепілі!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы мен бейбітшілік, махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, амандық, тұрақтылық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін өркендеу тілейміз!