2022 жылдың 29 сәуірінде Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” атты халықаралық конференция аясында секциялық отырыс өткізді.
“Көптілді әлемдегі қазіргі тілдік жағдай” секциясының тақырыбы бойынша тілді оңай үйрену және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру сияқты әдістемелік мәселелерден бастап, қоғамдық-саяси дискурста ирониялық сөйлеу этикетінің ерекшелігіне дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтыған баяндамалар ұсынылды. Талқылау нәтижесінде қатысушылар лингводидактика саласында бірнеше пәндердің тоғысында тұрған мәселелер көбірек назар аударуға лайық және олардың дамуы тіл білімі мен педагогика саласында үлкен перспективаларға ие және ерекше назар аударуға лайық деген қорытындыға келді.