2022 жылдың 29 сәуірінде “Bolashaq” ЖМ академиясында жыл сайынғы “Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында “Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесінің дамуы”тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Пленарлық отырыста э.ғ.д., доцент, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инженерлік экономика және менеджмент факультетінің деканы Валерий Викторович Бирюков сөз сөйледі.
Секция жұмысына шетелдік қонақтар, профессор-оқытушылар құрамының мүшелері, “Қаржы”кафедрасының студенттері мен магистранттары белсенді қатысты. Секция отырысын э.ғ.д., профессор Б.А. Омарова модерациялады.
Конференцияға қатысушылардың назарын тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар жақын шетелдерді қоса алғанда, мемлекеттің қаржы жүйесін дамытуға нақты ұсыныстарды енгізу үшін практикалық маңызы бар баяндамалар аударды.
Экономика ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” академиясы ЖМ “Қаржы” кафедрасының доценті Г.А. Қадырова:«Екінші деңгейдегі банктердің қызметіндегі банк менеджментінің рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі.
Омарова Б.А. – экономика ғылымдарының докторы, “Bolashaq” академиясы ЖМ “Қаржы” кафедрасының профессоры “Сlusters as a factor of sustainability the economy” тақырыбында сөз сөйледі.
Шевякова А.Л. – экономика ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” академиясы “ЖМ “Қаржы” кафедрасының доценті: «Peculiarities of auditing in a pandemic: the case of Kazakhstan and global practice» тақырыбында сөз сөйледі.
“Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту” 2-секциясына қатысушылар жұмысының негізгі мақсаты мемлекеттің қаржы жүйесін дамыту саласында туындайтын қазіргі заманғы проблемаларды шешу жолдарын іздеу болып табылады, бұл қатысушылардың сөйлеген сөздерінде өз көрінісін тапты, мысалы:
- Мемлекеттік бюджет құрылымындағы Ұлттық қор;
- Украинадағы қоршаған ортаны қорғауға арналған бюджет шығыстарын қаржыландыруды талдау;
- Екінші деңгейдегі банктердің қызметіндегі банк менеджментінің рөлі;
- Securities portfolio management: criteria and stages;
- Украина кәсіпорындарында есеп саясатын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жүйелерді цифрландырудың проблемалары мен перспективалары;
- Жекетұлғалардың банкроттығы;
- Peculiarities of auditing in a pandemic: the case of Kazakhstan and global practice;
- The effect of Industry 4.0 on accounting;
- Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау;
- Тәуекел жағдайында инвестициялық жобаны бағалау;
- Коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оны жетілдіру бағыттары.
Конференцияға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға білікті жауаптар алуға, пікір алмасуға мүмкіндік алды. “Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту” 2-секциясы жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды. Секциялық отырысқа қатысушылар ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, э.ғ. к. Г. А. Қадыроваға конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ерекше алғыс білдіреді.