Академия дәрігерінің бірінші курс студенттерімен

2018 жылдың 10 қазанында “Bolashaq” академиясының дәрігері С. Г. Куур бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Светлана Геральдовна студенттерге Қарағанды қаласындағы емханаларға басқа қаладан келген студенттерді тіркеу рәсімі, туберкулезге үнемі тексеру және флюрографиялық тексеруден өту қажеттілігі туралы тағы да еске салды.

“Анемия: симптомдар, емдеу, алдын алу” тақырыбында дәріс оқылды, тақырыптық деректі роликтер көрсетілді, студенттер үлестірмелі материал алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.