Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:
Нұсқаушы-бақылаушы | Интервьюер (тіркеуші) | |
Жұмыс кезеңі | 2021 жылғы 24 қыркүйектен бастып 7 қарашаға дейін | 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін |
Негізгі функциялар | Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылау | Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу. |
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар | Талдамалық ойлау, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау | Барлық қажетті негіздерге назар аудару, көпшілдік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау |
Еңбекақысы | 125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде) | орташа жүктеме 833 санақ объектісі болған жағдайда 104 мың теңге |
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– жасы – 18 жас және одан асқандар;
– білімі – жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз;
– портативті құрылғылармен – планшеттермен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
Санақтың нұсқаушы-бақылаушысы және интервьюерлеріне үміткерлер тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған жағдайда жұмысқа тартылады.