PHD докторанттарының докторлық диссертацияларын алдын ала қорғауы

2021 жылдың 11 маусымында “Bolashaq” академиясында 8D04201-“Құқықтану” (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасының PHD докторанттарының докторлық диссертацияларын алдын ала қорғауы өтті. Алдын ала қорғау Skype форматында өтті.

Талқылауға келесі зерттеулер ұсынылды:

Жантасова Әмина Дулатқызы: “Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құқықтық режимі”. Ғылыми кеңесші: Бекишева С.Д. з. ғ. д., шетелдік ғылыми кеңесші – заң ғылымдарының докторы, Волгоград мемлекеттік университетінің азаматтық және халықаралық жеке құқық кафедрасының профессоры Анисимов Алексей Павлович;

Курентаев Али Хамитович : “Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың орындалуын құқықтық реттеу” (балама жазалар)”. Ғылыми кеңесшісі: Токубаев З.С., з.ғ.д., профессор, шетелдік ғылыми кеңесші – Арабаев А.А. з.ғ.д., профессор (Халықаралық басқару, құқық, қаржы және бизнес академиясы, Бішкек қаласы);

Сыубаева Нұрсұлу Жеңісқызы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер”. Ғылыми кеңесшісі: Кабжанов А.Т., з.ғ.к., профессор, шетелдік ғылыми кеңесшісі – Тхабисимова Людмила Аслановна, з.ғ.д., профессор (Пятигорск мемлекеттік университеті, Ресей).

“Bolashaq” академиясы ректорының бұйрығымен докторлық диссертацияны алдын ала қорғауды өткізу жөніндегі комиссия құрамы анықталды:

Комиссия төрағасы-Арыстанбеков Марат Ақытұлы з.ғ.д., “Bolashaq”академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры.

Комиссия мүшелері:

Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы-з.ғ.д., “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының профессоры;

Серимов Елеужан Елемесович – з.ғ.к., “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;

Малдыбаев Асхат Маратұлы-з.ғ.к., “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;

Окашев Рүстем Даниярқожаұлы-п.ғ.к., “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының доценті;

Комиссия хатшысы:

Ахметова Әсел Қасенқызы-құқықтану магистрі, “Bolashaq”академиясының заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы.

Диссертациялық зерттеулерді алдын-ала қорғау кезінде заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының докторанттары қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:

докторанттардың ұсынылған диссертациялық жұмыстары дербес еңбекпен орындалған, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады.

Авторлар ғылыми зерттеудің барлық негізгі нәтижелерін жеке алды.

Диссертациялық зерттеудің құрылымы мен көлемі жұмыстың сипатына, оның даму деңгейіне, сондай-ақ зерттеу міндеттеріне байланысты.

Жұмыстың ғылыми нәтижелері өзекті, мазмұнды және сенімді деп танылуы керек, өйткені олар жеткілікті дәрежеде ұсынылған жиналған эмпирикалық материалдарды талдау негізінде алынған.

8D04201-“Құқықтану” (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияларды алдын ала қорғауды табысты өтуімен құттықтаймыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.