Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды

2023 жылдың 11 наурызында “Bolashaq” Академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіне кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу сағатын өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары колледждің фармацевтикалық бағыты бойынша тәмәмдайтын түлектер арасында жүргізілді. Оларға арнайы оқу орнымызға қабылданатын талапкерлерге арналған ақпараттық буклеттер таратылды. Оқуға қабылдану ережесі, оқу ақысы және фармацевтикалық пәндер кафедрасы туралы, Фармация 6В10101 оқу бағдарламасы бойынша білім алған студенттер қай бағытта қызмет жасай алатыны туралы толық мәліметтер берілді. Бұл шараға Академия студенттері де қатысып, оқу орнымыздың студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктері мен жеңілдіктері жайлы сөз етті. Колледж студенттерінің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.