ОП 6В01101 “Педагогика және психология” студенттері үшін оқу практикасы бойынша нұсқаулық конференция

2021 жылдың 11 қаңтарында ZOOM бағдарламасының көмегімен онлайн режимінде Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Темірханова Г.У., Шутенова С.С., Байбекова В.А. 6В01101 “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының студенттері үшін оқу практикасы бойынша бекіту конференциясын өткізді.

Шараға ПжП19-1, ПжП-19-2, ПжП-19-2к, ПжП-20-1 тобының барлық студенттері қатысты, аталған конференцияға аға оқытушы Махмутова Гулим Сагинбаевна, тәжірибе бойынша оқу-әдістемелік басқармасының маманы Қонысбаева Жумагуль Мейржановна, Ғ.Мустафин атындағы № 83 ЖББМ Қарағанды мемлекеттік мекемесінің психологы Крашенинникова Ольга Владимировна шақырылды.

Практика жетекшілері студенттерді оқу практикасының басты мақсаты мен міндеттерімен таныстырды, олар бұл практика студентті кәсіби даярлаудың маңызды бөлігі болып табылатыны туралы айтты, өйткені оқу практикасы – бұл педагог-психолог мамандығымен танысудың бастапқы кезеңі, аталған тәжірибеден өту кезінде студенттер білім беру ұйымы базасында педагог-психолог қызметінің негізгі бағыттарымен, нақты мекеменің ерекшелігі және психологиялық проблемаларымен танысады.

Бағдарламаның мазмұнын талқылағаннан кейін оқу практикасының өзектілігі практикадан өту барысында студенттер қажетті практикалық дағдыларды алатындығында екендігі, онсыз жақсы маман болу мүмкін еместігі атап өтілді.Г. У. Темірханова, С.С. Шутенова, В. А. Байбекова барлық студенттерді мектепте кәсіптік оқу практикасынан өту туралы бұйрықпен таныстырды. Студенттерге жолдамалар, бағдарламалар, тәжірибе күнделіктері және есеп беру құжаттарына қойылатын талаптар жіберілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.