2019 жылдың 31 қазанында Достық үйінде Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының «Слышающее государство «тұжырымдамасы аясында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа аспектілері»атты облыстық конференциясы өтті.

Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының Азаматтық альянсының президенті Гүлнар Құрбанбаева, сондай-ақ ҮЕҰ, саяси партиялар, кәсіподақтар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

«Bolashaq» академиясын конференцияға әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ахметова Ботагөз Телманқызы ұсынды.
Талқылау үшін келесі мәселелер ұсынылды: Қарағанды облысында консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау, Қарағанды облысының аймақтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
