Мектеп бітірушілерге арналған Республикалық онлайн-форум өтті

2021 жылдың 6 сәуірінде “Заманауи білім беру” республикалық журналының редакциясы Қарағанды облысы мектептерінің барлық түлектері үшін онлайн-форум ұйымдастырды.

Форумға республиканың 17 жоғары оқу орындарымен бірге Қарағанды қаласы, «Bolashaq» академиясының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А.Абылбаева қатысты.

Форумға қатысушылар мектеп бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап беріп, өз оқу орындары бойынша ақпарат берді.

Қазіргі таңда түлектерді толғандыратын ең басты мәселе, ол ҰБТ-ны қалай тапсырамыз және қанша грант бөлінеді?

Алдағы уақытта «ЖОО қалай түсуге болады?» атты Республикалық форум өз жұмысын жалғастырады.

https://www.bilim.expert/%D1%80%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F-%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8C

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.