” Мамандықтар аукционы” (кәсіптік бағдар беру сабағы)

10 наурызда психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары Мекадилова С.К., Есмагулова А. А. А. Байтұрсынов атындағы № 41 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмысы барысында “Мамандықтар аукционы” кәсіби бағдар беру тренингін өткізді.

Мамандық – бұл әр адамның сүйетін және өз ертеңі үшін ынталана іс-әрекет жасайтын ісі. Әр адам мамандықты өзі таңдап, оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді және адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Адам тағдырының бір бөлігі таңдалған мамандықпен байланысты. Әркімнің асқақ арманы мен биік мақсаты бар. Әркімнің өз бағыты,өз арманы бар. Ал биік шыңды бағындыру адамға оңайлыққа түспейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.