Мамандық таңдау-жауапты қадам

2022 жылдың 11 наурызында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Атасу кентінің жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу барысында жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Академияның ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференциялар, конкурстар, оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер, стипендиялар туралы толық ақпарат берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.