Шахтинск қаласы және Осакаров ауданының мектептерімен кәсіби бағдар беру жұмысы

2022 жылғы 10 наурызда кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Шахтинск қаласы мен Осакаров ауданының 11 сынып оқушыларымен кезекті онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында “Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.