Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне қатысты студент жастар арасындағы XVI облыстық Спартакиада

10 наурызда Қарағандыда студент жастар арасында Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне арналған VI облыстық Спартакиада басталды.

Жарысқа өңірдің сегіз жоғары оқу орнының студенттері қатысады. Жарыстар спорттың 13 түрі бойынша өткізіледі: шаңғы жарысы (эстафета), конькимен жүгіру спорты, қысқы Президенттік көпсайыс, шағын футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, жеңіл атлетика, асық ату.

Спартакиадаға қатысады:

1.”Bolashaq” Академиясы

  1. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
  2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
  3. Теміртау қаласының мемлекеттік индустриялық университеті.
  4. Орталық Қазақстан академиясы.
  5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.
  6. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
  7. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Жарыс 18 наурызға дейін жалғасады. Жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, тиісті дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.