Академиялық күнтізбеге сәйкес 2 курс магистранттары 2023 жылдың 30 қаңтары мен 13 ақпаны аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Негізгі мақсат магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындау үшін озық тәжірибені, кәсіби және ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеру,білім беру салаларының ғылыми мекемелерінде (немесе) ұйымдарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу болды. 7М01704-«Шет тілі: екі шет тілі және 7М01702 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» магистранттары «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» «Тілдердің ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесіне жіберілген еді.


Ғылыми тағлымдаманың барысында магистранттар өздерінің ғылыми тақырыптарына сәйкес жеке бағдарламасы бойынша жұмыс жасады. Тағылымдаманың соңғы күнінде жоғарыдан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі Е.Серімов магистранттардың тағылымдамадан өту барысымен танысты.

Ендігі аптада магистранттар есеп беру материалдарын жетекшілері мен бейінді кафедраларға ұсынатын болады.
