2022 жылғы 23 қарашада Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Тарих. Тұлға.Тағдыр ” жобасы аясында қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай “М.Әуезов – әлемдік тұлға ” атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шара барысында Google meet платформасында телекөпір ұйымдастырылды.


Іс-шараның мақсаты: жастар арасында Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттау; жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы білімді жүйелеу; патриотизм сезіміне тәрбиелеу; оқуға тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Конференцияға белгілі мұхтартанушы ғалымдар, филологтар, оқытушылар, Қарағанды қаласының Ардагерлер кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Оқырмандар конференциясын ф.ғ.д., профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Хамзин Мауен Хамзиевич ашты.

Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Алматы, Павлодар қалаларынан: жетекші ғылыми қызметкер, “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы қорының бас сақтаушысы – Мұқатаева Салтанат Амантайқызы; М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы – Мағазбеков Нұр Жандосұлы; “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығының ғылыми қызметкері – Әмірбаева Шолпан Мейрамғазықызы; ақын, Қарағанды қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшесі – Байбосин Қабиден Байбосынұлы, ақын, Қарағанды қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жазықбаев Ерғазы Сәдуақасұлы, сондай-ақ Павлодар қаласы ” М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің” және Минск қ. “Мұхтар Әуезов атындағы № 143 орта мектебінің” мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Оқу конференциясы барысында “Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің, қазіргі заманғы көпсалалы колледждің, Қарағанды сервис және тамақтану колледжінің, №17 ЖББОМ мен А. Ермеков атындағы мектеп – лицейдің студенттері мен оқушылары арасында М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы талқыланды.
Іс-шараның модераторы Ж.Тәшенов атындағы ЖББМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Базарбаева Махаббат Әшімханқызы болды.
