15 наурыз күні сағат 9: 30-да “Психология, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сарбасова Калимаш Амангельдиновна ПМНО-20-2, ПИП-20-2, К-20-1 топтарында “Критериалды бағалау технологиясы” пәні бойынша “Оқыту процесіндегі формативті бағалау” тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класта к-20-1 тобының студенті Оразхан Айкенже “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы “АҚ Қарағанды облысы филиалының “Әдістеме және педагогикалық инновациялар” кафедрасының аға оқытушысы Майбасова Үміт Амандыққызының сыни бағалауды дұрыс түсіну және оны білім беру үдерісінде ұйымдастыру тәсілдері туралы сұхбатын ұйымдастырды. Сонымен қатар, К-20-1 тобының студенті Жұрагат Аймарал Қарағанды қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Қоғамдық пәндер” әдістемелік бірлестігінің тарих пәні мұғалімі Юсупова Тамара Қазыханқызынан кәсіби қызметте критериалды технологияны бағалау қалай қолданылатыны туралы сұхбат алып, видео ұсынды. Бұл бейне студенттерге сабақ барысында талқылауға ұсынылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысты. Мастер класс жаңа формат бойынша жоғары ғылыми деңгейде өткізілді.
Ашық сабаққа академиялық мәселелер жөніндегі проректор С.Б. Бекжанова, тіркеу бөлімінің басшысы Б. Б. Бекбашева, ОӘК хатшысы Г. Т. Таликова, аға оқытушылар Н.К. Қасетова, Ә.Б. Қосманова, Ж. А. Арунова қатысты.
Сабақ барысында студенттердің танымдық белсенділігін, сыни ойлауын дамытуға ықпал еткен проблемалық сұрақтар қойылды.
Мұндай ашық мастер-класстар педагогикалық білім беру бағдарламалары студенттерінің педагогикалық мәдениетін, кәсіби ынтасын дамытады деген сенімдеміз.