“Bolashaq ” академиясындағы көктем мерекесі

Наурызды тойлау-Шығыс халықтарының ғасырлар тереңінен келе жатқан тамаша дәстүрі. Біздің елде ол әр жұмыс және оқу ұжымында, әр отбасында атап өтіледі.

Біз жылуға, күнге, қардың еруіне, судың сылдырына, құстардың ән салуына қуанамыз, алдағы жазға жоспар құрамыз. Көңіл көтеріледі … . Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері де Наурыз мейрамынан қалыс қалмады. Олар да көктемге, сәл демалып, қайта қауышуға, бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтауға деген құлшыныстарын білдіруде.

Академияның акт залында Ұлы дала дәстүрлерінің Шығыс және Қазақстан халықтарының тіл мәдениетінде көрініс табуына арналған викторина-ойын өтті. Классикалық көктемгі вальс, халық музыкасы, құстардың әні әуенін тыңдай отырып, лингвомәдениеттану саласынан сұрақтар қойылды, студенттер жауаптардың нұсқаларын қуана құрастырды, еліміздің, оқытылатын шет тілдері елдерінің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін көрсетті және, әрине, тәтті сыйлықтарға ие болды. Жергілікті сакура да көктемде гүлдейді, дала күнтізбесіндегі астрологиялық жыл Тоқты Зодиак белгісінен басталады, қатысушылар біздің халқымызда көктемнің басы қандай құспен байланыстылығы туралы мәліметтерді, оның ұшып келуіне арналған тамаша музыкалық композицияларды және басқа да ақпараттарды қызығушылықпен тыңдады.

Сондай-ақ, мереке университет сахнасында бірінші курс студенттерінің жаңа таланттарын ашты. Домбыра, гитара тартылып жатты. Бізде осындай балалар оқиды! Олар ән айтады және музыка жазады.

Наурыз келе жатыр, біз оған қуанамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.