Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылғы 21 қазанда онлайн режимінде Жаңаарқа ауданының № 132 ЖББМ мұғалімдері мен 11 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

“Психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы Қ.А. Сарбасова “Мамандық таңдау – жауапты қадам”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қосманова А. Б. және п. ғ. к., кафедра доценті Коржумбаева М. Б. қатысты.

Кездесу “Мамандық таңдау – жауапты қадам” тақырыбында дөңгелек үстел түрінде өтті.

Кездесу аясында Сарбасова Калимаш Амангельдиновна (пед. магистрі) аға оқытушы) 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, “Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламаларының презентацияларын көрсетті, ЖОО және мамандарды сапалы даярлауды жүзеге асыруы туралы айтты. Кафедра доценті Коржумбаева Марал Берекеловна студенттерге психолог болу үшін не білу керектігін және бүгінгі таңда бұл мамандық үлкен сұранысқа ие екенін айтты. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қосмонова Әсел Бейсенғазықызы жоғары білімге қойылатын қазіргі талаптар туралы айтып берді.

Оқушылар сұхбатқа белсенді қатысып, академияға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, дәлелді мамандық таңдауға көмегін тигізеді. Оқушылар ЖОО-ға түсу туралы сұрақтарға толық жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.