Ректор Кубогі

Ағымдағы жылдың қыркүйектің 7 жұлдызында «Бәйтерек resort» ойын-сауық орталығында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен жыл сайын, дәстүрлі түрде «Bolashaq» академиясының оқытушылары мен студенттері арасында шағын футболдан Ректор Кубогі үшін арнайы турнир өтті.

Биылғы маусымның алғашқы жарысына Академия түлектері де қатысты. Елімізде болып жатқан індетке қарамастан, жарыс қатысушылары жоғарғы дәрежелі достық ойынын көрсете білді.

Ойын өте қарқынды, тартысты болғанымен турнир қатысушылары үшін үлкен, әрі қиын дода. Себебі, кубок иесі – біреу. Сайысқа 3 команда түсті. Атап айтсақ, «Көкжалдар», «Bolashaq», «Арландар» командалары өз ара бақ сынасып, бас жүлде үшін барын салды.

Алайда, барлығынан мықты болып, өзгелерден оза шапқан түлектерден құралған «Көкжалдардың» жігіттері екі бірдей команданы ойсырата жеңіп, турнир чемпионы атанса, «Bolashaq» оқытушылары 1 курс студенттері «Арландарды» 4-2 есебімен жеңіп, екінші орынға ілікті.

Жарыс қатысушылары арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ю-16-2 тобының түлегі Темірлан Байшагиров

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.