Этномедитация бойынша курстар

2021 жылғы 8-10 қараша аралығында Қарағанды қаласының Достық үйінде “Этносаралық қатынастар саласындағы Қарағанды облысының медиация институтын дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені” жобасы аясында этномедиация курстары ұйымдастырылады.
25 сағаттық курстар этносаралық қатынастар бойынша кәсіби емес (қоғамдық) медиаторларға арналған, олар нәтижесінде медиаторлар ғана емес, жанжал жағдайларында келіссөз жүргізушілер де бола алады. Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Курстарға мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға қоғамдық үлес қосқысы келетін барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Дәріс барысында қатысушылар үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы подполковнигі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры Шакимова Лола Сергеевна; Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының татуластыру орталығының басшысы, “Zolotaya seredina – SM” ҚБ президенті, “Прокурорлар қауымдастығы” РҚБ мүшесі және кәсіби медиатор, сертификатталған тренер Шардарбекова Света Мухамедиевна; әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қарағанды облысы ішкі саясаты басқармасының”Қоғамдық келісім “КММ маманы, кәсіби медиатор Инджиголян Анжела Алиановна;
“Қазақстан азаматтары” ҚБ жобаларының директор үйлестірушісі, Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты, Қарағанды облысының діни бірлестіктер басшылары клубының модераторы, кәсіби медиатор Дмитрий Сергеевич Полтаренко және басқа да дәріскерлер сөз сөйлейді.
Курстар 2021 жылғы 5 қараша сағат 12.00-ге дейінгі мерзімде grazhdane.kz@mail.ru (копия monitoring_ank@mail.ru ) поштасына өтінімді алдын ала жолдай отырып және келісімге қол қоя отырып, тегін жүргізіледі. Анықтама телефоны: 8 7212 40 08 63 (Дмитрий Сергеевич).
Назар аударыңыз! Қатысушылардың тізімі шектеулі. Өтінімдердің саны көп болған жағдайда өтінімдерде көрсетілген қатысушылардың деректері ескерілетін болады.

Қызметкерді оқуға жіберген кезде жіберуші тараптың есебінен іссапар қаражатының шығыстарын ескеру қажет.
Курстан өткен кезде қатысушы Қарағанды облысы ішкі саясаты басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ және курс лекторларынан сертификат алады.
Қосымша: оқуға өтінім және келісім.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/11/%D0%97%D0%B0%D1%8F%D0%B2%D0%BA%D0%B0-%D1%81%D0%BE%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5.docx

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.