06.04.2022ж «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Jauhar» Ғылыми үйірмесі жұмысын бастады.

Үйірменің мақсаты: студенттерді ғылыми жұмыстарды жазуға машықтандыру, тіл және әдебиет саласындағы мәселелерді зерттеп, ортаға салып талқылауды жүзеге асыру.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы туғанына 150 толуына байланысты «Ұлт ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға К-21, К-20, К-19 қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттері, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен академия қызметкерлері қатысты.

Алаш көсемінің өмір жолы, қайраткерлігі, ғалым еңбектерінің библиографиялық тізімі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,әдістемеші, педагог тақырыптарында баяндамалар оқылды, таныстырылымдар көрсетіліп, талқылаулар жасалды.
Баяндамашылар:
Төкен Мөлдір К-20 тобының студенті. Баяндама тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолы мен қайраткерлігі»;

Оразхан Айкенже К-20 тобының студенті. Баяндама тақырыбы: «Ғалым еңбектерінің библиографиялық тізімі»;

Кенжетал Гүлдана К-19 тобының студенті. Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілтану ғылымының атасы»;
Мұратхан Әужан К-20 тобының студенті. Баяндама тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы – әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы»;
Сыздық Динара К-20 тобының студенті. Баяндама тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектері».

Дөңгелек үстелді қорытындысында академия басшылығы мен оқытушылар «Jauhar» ғылыми үйірмесі жұмысына ізгі тілектерін білдіріп, студенттерге дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттауды баяндай білуді дағдыландыруда ұстаздық ақыл-кеңестерін берді.
