1000 теңгеге АУЫЗАШАР!

5 сәуір күні Қарағанды қаласында орналасқан «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Қошкелді Жанболат мешіт жамағатының ұйымдастыруымен бірлесе отырып, «1000 теңгеге Ауызашар» атты акция ұйымдастырылды.

         Осыған орай, «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Мейірім» волонтерлік қозғалысы студенттері мешіттен бөлінген 40 себетті «Студенттер үйінде» ауыз бекіткен 40 студентке жеткізіп берді.

         Ардақты елшіміздің: «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» – деген хадисіне амал етіліп, аталмыш акция бір айға созылып, жалғасын таппақ.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.