Халықаралық құқық бойынша олимпиада

2021 жылдың 24 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының заң факультетінде Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары арасында халықаралық құқық бойынша үстіміздегі жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған Бірінші пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиада жоғары білім беру сапасын арттыру, теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды және талантты жастарды анықтау, зерттеу, кәсіби қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Міндеттері:

– халықаралық құқық пәніне және әлемде болып жатқан халықаралық процеске қызығушылықты арттыру;

– студенттердің алған білімдерін халықаралық жария құқығы бойынша жағдайларды шешу үшін қолдану қабілетін анықтау;

– логикалық ойлауды дамыту және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу;

– студенттер арасында мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау;

– заң қызметін ұйымдастырудың қазіргі жағдайында кәсіби шешімдер қабылдауда дербестікті дамыту;

– студенттердің кәсіби жағдайдағы жүйелі әрекетке, өз қызметін талдауға қабілеті мен дайындығын тексеру;

– студенттерді Халықаралық құқық бойынша жыл сайынғы Республикалық олимпиадаға қатысуға дайындау;

– Қазақстан Республикасының одан әрі дамуына оң көзқарастар қалыптастыру.

Олимпиадаға қатысу үшін “BOLASHAQ” Академиясынан “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының 3 студенті: Қабышева Сәния, Орынова Әсия, Оспанов Мадияр өтініш білдірді.

Команданы дайындаған заң пәндері кафедрасының оқытушылары: доцент Мухатаев М.М., аға оқытушылар Жумжумаев Н. С. және Турганова Ж. Е.

Конкурстық комиссияның құрамына заң факультетінің деканы және конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қарағанды облысы прокуратурасының үшінші басқармасының прокуроры екінші сыныпты заңгер, заң ғылымдарының магистрі Ким Евгения Александровна, ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі, заң ғылымдарының магистрі Оксана Александровна Ладыгина, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, PhD докторы Біләлова Маржан Исаққызы, “BOLASHAQ” академиясының заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының магистрі Мұхатаев Мұратбек Мейрамұлы кірді.

Олимпиада халықаралық-құқықтық білімді насихаттау және ЖОО арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында өткізілді.

Олимпиада 3 кезеңде өтті:

– Халықаралық жария құқығын мемлекеттік тілде білуге тестілеу.

– Ағылшын тілінде ауызша раунд.

-Халықаралық құқық нормаларын қолдану міндеттерін шешу.

Қорытынды нәтижеге сәйкес жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің командасы.

2 орын:
ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының командасы.

3 орын:
“BOLASHAQ” академиясының командасы.

Біздің студенттер заманауи технологияларды, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Заң пәндері кафедрасы бұдан әрі “Халықаралық жария құқығы” пәнін оқу шеңберінде студенттердің оқу және оқудан тыс жұмысын жетілдіруі қажет.

Ақпаратты дайындаған доцент, з.ғ.м. Мұхатаев М. М.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.