23.04.2022 ж. Қарағанды қаласының №63 ЖББМ мектебінде Григорий Николаевич Потаниннің ғылыми мұрасы бойынша «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ қолдауымен және Томск мемлекеттік университетінің қатысуымен «Сібірдің құрметті ақсақалы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға Қарағанды “Bolashaq” академиясынан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының магистр, аға оқытушылары Жанысбаева Р.М., Бакарамова С.А., Алексеева Е.А. әділ қазылар алқасы ретінде, сонымен қатар онлайн ZOOM платформасында 8-11 сынып оқушылары мен педагогтар қатысты.
Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының тақырыптық бағыттары;
1. Г.Н. Потанин саяхатшы және географ
2.Г. Н. Потанин «Ғасырдан да ұзақ достық» проблемасының Азия зерттеушісі
3. Г.Н. Потанин қазақ фольклорін зерттеуші
4. Г.Н. Потанин және қазақ ұлтының зиялылары
5. Ұлы гуманист қазақ халқы туралы
Конференцияның өту барысында секцияларда қазақ және орыс тілінде қатысушылармен пленарлық отырыс ұйымдастырылды.
Оның ішінде Григорий Потаниннің қазақтың ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың достығы жайлы айтылды. 1845-1852 жылдары Омбыдағы кадет корпусында екеуі бірге оқып, өле-өлгенше бір-бірімен жақын дос болып өткен. Сібір мен Орталық Азияның аз зерттелген аудандарының географиясы, этнографиясы, фольклоры, ботаникасы мен экономикасы жөнінде деректері, Солтүстік-Батыс Моңғолияға, Үлкен Хинганға, Забайкалье, Алтай мен Қазақстанға экспедициялары барысында баға жетпес тарихи құндылықтары және қазақ халқының аңыздары мен ертегілері жайындағы еңбектері жайлы айтылды. Конференция соңында секцияларындағы үздік жұмыстар грамоталармен марапаталды. Конференция қатысушыларына сертификаттар берілді.