Пандемия кезінде қарым-қатынасты дәстүрлі түрде жалғастыру, бұрын жұмыс істегендей жұмыс істеу, бұрын оқыған сияқты оқу өте қиын.
Бірақ қазір кеңінен қолданыла бастаған басқа да техникалық мүмкіндіктер пайда болды. 14 мамырда онлайн платформалардың бірінің көмегімен Қарағанды гуманитарлық колледжі студенттерінің “Bolashaq” академиясындағы ДиНО кафедрасының доценттері Г.К. Бокижановамен және А.Ю. Самохинмен кездесуі өтті.
Колледжд педагогикалық бағытта білім береді,, сондықтан колледж студенттерінің осы кездесуге деген қызығушылығы бар. Оқытушылардың ақпараттық хабарламасынан кейін студенттер оқу ақысы, академияның түрлі білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық база және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың болашағы туралы белсенді сұрақтар қойды.
Студенттердің қойған сұрақтары олардың кәсіби білім алуды жалғастыруға қызығушылығын айқындайтыны сөзсіз және алдағы оқу жылында біздің Академия Қарағанды гуманитарлық колледжінің педагогикалық мамандықтарының жаңа студенттерімен толықтырылатынына сенім бар.