«Bolashaq» академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдау (магистратура, докторантура PHD)

«Bolashaq» академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру нысандары бойынша келесі кадрларды даярлайды:

Магистратура

7М01101 Педагогика және психология
7М01701Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01702Шетел тілі: екі шетел тілі
7М04101Қаржы
7М04201Құқықтану

Докторантура

8D04201Құқықтану

Оқыту тілдері: мемлекеттік, орысша

Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) нәтижелері бойынша, ал докторантураға тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратураға қабылдау:

  • Кешенді тестілеуді тапсыру (міндетті түрде);
  • КТ сертификаты балдары бойынша (шекті балл алған жағдайда) мемлекеттік грантқа өтініш беру (еркі бойынша). Грантқа үміткер білім беру бағдарламасы тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады;
  • Шекті ұпай жинаған үміткерлер ақылы түрде жоғары оқу орнына қабылданады.

Докторантураға қабылдау:

  • Шет тілін білетіні туралы халықаралық сертификат (міндетті түрде);
  • Білім беру бағдарламалары тобы бойынша түсу емтихандарын тапсыру. «Құқықтану» ББ бойынша екі пән бойынша емтихан жүргізіледі: 1. Жалпы құқық теориясының мәселелері; 2. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдылықтың теориясы және қолдану іс-тәжірибесі

Өтініштерді қабылдау: 2020 ж. 3 – 25 шілде аралығы (нақты емес);

Қабылдау емтихандары: 2020 ж. 8 – 16 тамыз аралығы (нақты емес);

Оқуға қабылдау: 2020 жылдың 28 тамызына дейін

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада

білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлеріТапсырма нысандарыТапсыру тіліТапсырмалар саныБалдарШекті балл
Шет тілі бойынша тестБір дұрыс жауапты таңдауАғылшын/неміс/француз505025
Оқуға дайындығын анықтау тестіБір дұрыс жауапты таңдауҚазақша/ Орысша303015
Білім беру топтарының пәндері бойынша тест*Бір дұрыс жауапты таңдауҚазақша/ Орысша303015
Білім беру топтарының пәндері бойынша тест*Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауҚазақша/ Орысша204020
Барлығы13015075

*Білім беру топтарының пәндері көрсетілген магистратураның білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі (КТ)

Білім беру бағдар-
ламасы тобының нөмірі
Білім беру бағдар-
ламалары топтарының атауы
«Bolashaq »академиясының білім беру бағдарламасыБілім беру топтарының пәндеріБілім беру топтарының пәндері
1 бейіндік пән2 бейіндік пән
M001Педагогика және психологияПедагогика және психологияПедагогикаПсихология
M017Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауҚазақ тілі мен әдебиеті ПедагогикаҚазақ тілін оқыту әдістемесі
M019Шетел тілі мұғалімдерін даярлауШетел тілі: екі шетел тіліПедагогикаКәсіби бағытталған шетел тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
M077Қаржы, банк және сақтандыру ісіҚаржыЭкономикалық теорияМакроэкономика
M082ҚұқықҚұқықтануМемлекет және құқық теориясыСитуациялық кейс (нақты практикалық жағдайдағы кешенді заңдық талдау) ҚР Заңнамасының және немесе халықаралық құқық нормаларын қолдану негізінде)

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ (МАГИСТРАТУРА):

1. Ректордың атына белгіленген нысандағы өтініш;

2. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. 3х4 көлеміндегі алты фотосурет;

5. 086-У нысанындағы электронды медициналық анықтама;

6. Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

7. Тігіндеме және 2 конверт

ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ (ДОКТОРАНТУРА):

1. Өтініш (еркін нысанда);

2. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификат;

5. 3×4 көлеміндегі алты фотосурет;

6. 086-У нысанындағы электронды медициналық анықтама;

7. Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

9. Тігіндеме және 2 конверт.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қарағанды қ., Ленин көшесі,17.

Телефондар:

8 (7212) 42-04-21 факс

8 (7212) 42-04-25 ректордың қабылдауы

8 (7212) 42-04-35 қабылдау комиссиясы

Email: ku_bolashak@mail.ru

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: Айгүл Құдайбергенқызы Қалдыбаева. Тел.: 8(700)3050209.

Құрметті абитуриенттер!!!

Сіздерге ыңғайлы болу үшін «Bolashaq» академиясының www.kubolashak.kz сайтында «Онлайн-консультант» атты онлайн-кеңесші өз жұмысын бастады. Академиямызға оқуға түсу бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса, сол жерден жауап ала аласыздар.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.