“Bolashaq” Академиясының студенттерін Қарағанды облысының мұрағат қызметімен таныстыру

2023 жылғы 6 қарашада Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының (ҚОММ) мұрағат құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы О.Е. Беркун “Bolashaq” Академиясы мен ҚОММ ынтымақтастығы шеңберінде студенттерді Қарағанды облысындағы мұрағат қызметінің қалыптасу тарихымен және қазіргі кезеңдегі мұрағат қызметімен таныстырды.

Студенттер ұйым қызметінің негізі құжаттарды жинақтау, сақтау және оларды пайдалану екенін білді. Сонымен қатар, мұрағат зерттеу жұмыстарымен айналысады, сонымен қатар облыс ұйымдарын іс қағаздарын жүргізуге үйретуге үлкен көңіл бөлінеді, өйткені ұйымдардың құжаттары уақыт өткеннен кейін мұрағатқа сақтауға тапсырылады.

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының деректі қоры өңіріміздің жаңа тарихын көрнекі түрде зерделеуге мүмкіндік береді.

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.