Өмір -теңіз…

“Bolashaq” Академиясында 3 қараша күні “Өмір-теңіз…” атты іс-шара өтті. Шараны “JAUHAR” ғылыми үйірмесі
ұйымдастырды. Бас қосудың мақсаты: Қарағанды қаласында орын алған қазалы оқиғаға байланысты қалам тартқан ақындардың өлеңдерін оқып, талдау. Студенттердің бойына отансүйгіштік сезімін, ұлт болашағы мен келешегі жастар екендігін тағы мәрте жеткізу көзделді. Жиынға басшылық еткен: қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, Жанузахова Қарлығаш Қалдаровна. Кездесуде, Костенко шахтасындағы жайды жырлап, қалам тартқан ақындардың өмірі мен шығармашылығы жайында деректер қозғалды. Оның ішінде, Қайрат Асқардың “Киесі қашты ма жат озған төріңнің…”, “Өмір-теңіз…” туындылары оқылды. Сонымен қатар, Мирас Асанның “Аза жыры” әр студенттің жүрегіне ерекше сезім сыйлады. Қапыда қаза болған жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.