“Bolashaq” академиясының СТУДЕНТТЕРІ СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА БОЛДЫ

21 сәуір күні «Bolashaq» академиясының әкімшілігінің қолдауымен   “1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне” орай «Bolashaq» академиясында оқып жатқан шетелдік студенттерге  қазақ халқының тарихын, әдебиетін, мәдени дәстүрін таныту мақсатында, 38 шетелдік студент  С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында Барзу Абдуразаковтың  «Айналайын» драмасын тамашалады.


    Пьесаның негізгі аты «Сәлем, мама, бұл мен» деп аталады. Бірақ қойылымның режиссері Айдын Салбанов оны «Айналайын» деп өзгертуді жөн деп тауыпты. Шынында да, ананың мейірімін, ананың жылуын «Айналайыннан» артық қандай сөзге сыйғызуға болады. Қанатымыз қанша қатайып, туған үйден жыраққа ұшып кетсек те, кейде анамыздың осы бір ауыз сөзін әрқайсымыздың аңсайтынымыз, сағынатынымыз анық. Десе де, кейде қауырт тірліктен қолымыз босамай, анамыздың жағдайын сұрауға да мұршамыз келмей жататыны рас.


    Театрға барудың мақсаты-студенттердің құндылықты бағдарларын, адамгершілік, эстетикалық мәдениетін дамыту.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.