2020 жылдың 16 сәуірінде “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Менлібаев Құралбай Несіпбекұлы заң пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесу өткізді.
Онлайн-кездесу Skype бағдарламасын қолдану арқылы іскерлік форматта өтті.
Ректор барлық қатысушыларды құттықтады.
Осы іс-шараның мақсаты мен міндеттері белгіленген.
Ректордың айтуынша, пандемияға байланысты Қашықтықтан оқытуға шұғыл көшу үшін Академияда MOODLE платформалары мен Big Blue Button онлайн-дәрісін өткізу жүйесінің серверлік қуаты ұлғайтылды.
Бір айдың қорытындысы бойынша табысты жұмыс және оқытуда біздің Академия жаңа жағдайларға дайын екендіктерін көрсетті деген қорытындыға келді. Академия үшін қашықтық формасы – аса қиындық туғызбайды.
Академияда қашықтықтан оқыту жұмысы табысты жүргізілуде. Онда барлық білім беру бағдарламалары бойынша материалдар орналастырылған.
Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып толыққанды білім беру контент сапасының тиісті деңгейін лекциялар, семинар және практикалық сабақтар арасында ыңғайлы навигация бар сервистермен ұштастыра отырып қана мүмкіндік болады.
Сабақ дәрістік, семинарлық және практикалық жұмыстарға бөлінгендіктен, қашықтықтан оқыту форматы оқытушылармен нақты уақыт режимінде оқытуды, сонымен қатар берілген материалды өз бетінше зерттеуді білдіреді.
MOODLE және Big Blue Button платформасы аясында біздің студенттер дәрістерге және басқа да теориялық материалдарға қол жеткізеді. MOODLE және Big Blue Button платформасы студенттерге білім алуға мүмкіндік бере отырып, виртуалды аудиторияға айналады.
Қашықтықтан оқыту мәселелерінен басқа карантин жағдайында тәжірибеден өту, мемлекеттік емтихандарға дайындық және дипломдық жұмыстарды қорғау мәселелері де талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша апта сайын осындай кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.