2020 жылдың 2 сәуірінде “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев қашықтан оқыту мәселелері бойынша студенттермен оn-line кездесу өткізді.
Құрметті студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың бұйрығы бойынша барлық жоғары оқу орындары қашықтан білім алу жүйесіне көшті.
Біздің академия осы талаптарды қатаң ұстанады және қашықтықтан оқыту режимінде толық көлемде жұмыс істеуде.
Сіздер, 2 ауысымда 9.30-дан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін оқитын боласыздар. Осы аптадан бастап бірінші және екінші курс студенттері үшін сенбі күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін дене шынықтыру сабақтары қашықтан өткізілетін болады. Үйде спортпен айналысу сіздің иммунитетіңізді қолдауға және денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мектепте оқу демалысы аяқталып, 6-сәуірден үш миллионнан астам білім алушы қашықтан оқыту форматында көшкеннен соң, біз де сабақ кестемізді өзгерттік.
Түсінген жөн, үш миллионнан астам оқушы бір уақытта интернетке кірген кезде техникалық қиындықтар пайда болатыны анық. Сондықтан біздің министрлік студенттердің барлық сабақтарын түстен кейінгі уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Бүгінгі күні мұндай кесте дайын, қол қойылып, ЖОО сайтына салынатын болады. Сабақ сағат 13.50-де басталып, шама бойынша 18.40-та аяқталады.
Мұндай оқыту форматы оңай болмасын түсінеміз. Тіпті далаға шықпай үйде отырып, достарыңызбен, туыстарыңызбен виртуалды әлемде қарым-қатынас жасап, сөйлесудің өзі қиын-ақ. Бірақ, біздің қазіргі шын ахуалымыз осындай.
Шыдамдылық танытып, көбірек оқуға ұмтылыңыз, әсіресе көркем әдебиетке ден қойыңыз, қызықты фильмдер көріп, өзіңіздің ішкі дүниеңізді байытуға күш салыңыз. Еліміздің, сіздер мен біздердің басымыздан өткізіп отырған қиын кезеңде пайдалы ғадет табыңыз. Мемлекетіміз бен үкіметіміз әрқайсымыздың денсаулығымыз бен қауіпсіздігімізді қорғау үшін барлық шараларды жасап бағуда.
Жоғары оқу орнымыздың сайтынан Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарланған Президенттің сөйлеген сөзін табасыз. Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгергеріп жатқанын білесіздер. Індеттің мейлінше өршіп тұрған кезінде өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғау керектігі жөнінде қажетті ақпаратты да таба аласыз.
Мұндай кең ауқымды жұмысты ұйымдастыру үшін Үкімет елеулі қаржы және адам ресурстарын жұмсауда. Қашықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) бойынша білім алу үшін біздің академия бөліністері не істеп жатыр десеңіз?
- Профессорлық-оқытушы құрамның Moodle (Мудл), myownconference (Майвебинар), Zoom (Зум) платформаларында сабақ өткізулері үшін кеңінен кеңестер беріліп, техникалық қолдау көрсетілді.
- Мудл және Майвебинар электрондық порталдарына техникалық қолдау көрсетілуде.
- Мудл платформасына ЖОО-ның барлық студенттері бойынша толық мәліметтер базасы жүктелді.
- Әрбір студент пен оқытушыға жеке-жеке логин мен пароль жасалды.
- Бұрын қашықтан оқыту бойынша тәжірибесі жоқ студенттер (эдвайзер-кураторлар арқылы) мен оқытушыларға техникалық қолдау және кеңес беріледі.
- Moodle платформасына барлық оқылатын пәндер бойынша контент қосылды, курстарды одан әрі толтыру жұмыстары жүргізілуде.
- Академияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің серверлік жабдықтары мен компьютерлік техникасына техникалық қызмет көрсетілуде.
- Moodle платформасында сабақ өткізудің күнделікті мониторингі жүргізіліп, кейіннен ол бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беріледі. Бұл жерде мынаны түсіндіріп өткім келеді. Күнделікті сабақтарды бақылай отырып, сабаққа кім және қай уақытта енгенін, дәріс мәтіні оқылды ма, білім алушы мен білім берушің қай контентті ашқанын көреміз. Мұндай моноторингіні біздің министрліктің қызметкерлері жүргізеді. Біз оларға парольдер беріп, платформаға ене алуына жағдай жасаймыз.
Сондықтан мен барлықтарыңызды барынша саналы және оқуда ыждағатты болуға шақырамын.
Сонымен қатар, біз оқу үдерісін жүзеге асыра отырып, Абайдың 175 жылдығына арналған “Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша үлкен жұмыстар атқарудамыз.
25 сәуірде сағат 10.00-де онлайн режимде баршаңыз бейнеконференцияға қосылып, шет елдік ғалымдардың ғылыми баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік аласыз.
Бұл туралы ақпарат біздің сайтта жарияланатын болады.