Студенттер 42 500 теңге ала алады

“Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер қандай жағдайда 42 500 теңге ала алатынын айтты” деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Студенттер – еліміздің кәмелетке толған азаматтары. Бізде Еңбек кодексі бойынша оларға жұмыс істеуге болады. Олар стипендия алса да алмаса да бәрібір. Біз оған қарамаймыз. Олар жұмыс істей алады. Оларға ешкім жұмыс істеуге тыйым салмайды. Көптеген жастар, студенттер ресми түрде жұмыс істейді немесе ресми емес жұмыс істейді. Мейрамханаларда даяршы, немесе пицца тасымалдаушы қызметінде жүріп ақша тауып жүр – деді Еңбек министрі брифингте.

Ол студенттерге төленетін төлемдер тәртібі мен шарттары басқа қазақстандықтар үшін де бірдей екенін атап өтті.
“Сондықтан сіздер үшін, студенттер үшін барлық тәртіп бірдей. Яғни сіз бүгінгі таңда өзіңіз үшін шешім жасайсыз. Егер сіз ТЖ-ға дейін ақша тапсаңыз, содан кейін оларды жоғалтқыңыз келмесе сіз моральдық құқықтарыңыз барын есіңізге түсіріңіз – днді министр.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.