Академиямыздың 25 жылдық мерейтойы аясында «Болашақтан шыққан тұлғалар» жобасы түлектерімен сұхбаттасу жобасы басталды.
11 сәуір күні Instagram-дағы академия парақшасында @akademy_bolashaq тікелей эфирде Болашак студенттік Республикасының Президенті Мағрұпжан Бексұлтан Шәкәрімұлы алғашқы қонағымызбен сұхбат өткізді.
Алғашқы қонағымыз академиямыздың 2014 жылғы түлегі, Жаңаарқа ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры Сайлаубек Жалғасбек Жәнібекұлы.
Сұхбат барысында Жалғасбек Жәнібекұлы өзіңің студенттік өмірі жайлы, т.б. қызықты сәттерімен бөлісті. Жастарға өз ақыл-кеңесін айтты.
Сұхбат барысында көптеген сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар алынды.
Мағрұпжан Бексұлтан