“Жастар көзімен сананы жаңғырту”атты ашық кураторлық сағат

2022 жылдың 2 наурызында психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзері Тәжинин Азат Мырзабекұлы ПиП және ПМНО мамандықтарының 1-4 курс студенттерімен “Сананы жаңғырту жастар көзімен” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттермен қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі ережелерін, принциптерін талқылау, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанына өнімді және пайдалы болуға ұмтылу.

Кураторлық сағат барысында студенттермен жас ұрпақтың елдің дамуындағы рөлі, олардың Қазақстан халқының жалпы әл-ауқатына қосқан үлесі туралы әңгіме жүргізілді, әңгімелесу барысында келесі сұрақтар пайдаланылды:

  • Жаңғырту сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?
  • Қоғамдық сананы жаңғырту не үшін қажет?
  • Ел дамуында жастардың рөлі қандай деп ойлайсыз?

Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі Қазақстан Республикасының дамуында жастар маңызды рөл атқарады, өйткені олар тұтастай алғанда елдің болашақ дамуын анықтайды. Жастардың рөлі әлеуметтік мәдениеттің сабақтастығы және қоғамның құрылуында, сондай-ақ көптеген әлеуметтік, саяси және мәдени бағдарламаларды одан әрі іске асыруда жобаларды енгізуінде болып табылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.