Бізбіргеміз #Bizbergemiz

“Bolashaq” академиясының басшылығы “Бізбіргеміз”акциясына қосылады.


Өзін-өзі оқшаулау және карантин жағдайында “Bolashaq” академиясының басшылығы өз ұжымын азық-түлік себетіне қолдауды шешті. 20 – ға жуық азық-түлік-бірінші қажеттілік тауарларын біздің оқытушылар мен қызметкерлер алады.


Академияның әкімшілік-шаруашылық бөлімі барлық қала бойынша азық-түлік себеттерін, карантин режимін және санитарлық шараларды сақтай отырып, жеткізуді жүзеге асырады.


Қызметкерлер мен оқытушылар Академия басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Отличный продуктовый набор. Большое спасибо! 
Вся моя семья говорит: большое спасибо! 
С уважением, проректор по НРиМС Смолькина Т.П.

“Bolashaq” Академиясының әкімшілігіне, ректор Қ.Несіпбековичке өз атымнан және “Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту” кафедра ұжымы атынан алғысымыз шексіз. Қазіргі жағдайда академия #Бізбіргеміз! акциясына қосылып, өз ұжымына қолдау көрсетіп жатыр. Бүгін 20 түрлі азық- түлік қамтылған себет алдық. Себетті үйге дейін жеткізіп берді.Рамазан айында жасап жатқан шараларыңыз сауабынан болсын! Отбасыларыңыз аман болсын!

Сарбасова Калимаш Амангельдиевна

Елімізде жарияланған карантин жағдайында “Bolashaq” академиясы өз қызметкерлері мен ПОҚ-н кезекті әлеуметтік қолдауымен қуантып отыр. Әрине академия еш қызметкерін еңбекақысыз қалдырған жоқ. Бәрі де жұмыстарын қашықтықтан жалғастыруда. Дегенмен сол қызметкерлердің отбасының басқа мүшелері осы төтенше жағдайда табыстарынан айрылған болса, бұл көмектің маңызы өте зор болмақ.
Осындай әлеуметтік саладағы игі істер академиямыздың құрылтайшысы, алғашқы ректоры профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков мырза қалыптастырған әдемі қайырымдылық дәстүрінен бастау алған. Академия өз қызметкерлерін қиын жағдайларда ешқашан ұмытқан емес.
Осы орайда профессор Н.О. Дулатбеков мырзаға, академияның қазіргі ректоры профессор Қ.Н. Меңлібаев мырзаға және проректорлық корпус пен шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айту біздің адами қасиетіміздің сипаты болуы тиіс.
Құрметті Нұрлан Орынбасарұлы, Құралбай Несіпбекұлы, өз атымнан және “Қаржы” кафедрасының мүшелері атынан сіздерге алғыс білдіре отырып, Отанымыздың келешегі үшін барлық игі мақсаттарға жетіп, татулықпен өркендей беруімізге  тілектеспіз!!!

Усувалиева Зайра Казыгуловна. Старший преподаватель кафедры “Финансы”

“От всей души хотим поблагодарить все руководство академии за заботу и внимание, которое вы оказываете сотрудникам. В это не простое время, вы нас обрадовали большим жестом социальной помощи (продуктовая корзина была наполнена самыми необходимыми и вкусными продуктами)! Большое Вам спасибо! Пусть ваши желания во время оразы услышит Аллах! С уважением, сотрудники Дома Студентов!”

Большое спасибо руководству Академии “Bolashaq”, а также лично Пахизаде Тайжановне и ребятам, которые развозят продуктовые наборы, за ЗАБОТУ о своих сотрудниках в наше нелегкое время!!!
Проф.каф.фарм.дисциплин Тнимова Г.Т.

Академия әкімшілігіне ерекше ризамыз! Басқа ЖОО қарағанда өз студенттері мен оқытушыларын, қызметкерлерін жоғары бағалап, әр кезенде жағдайына қарап көмек қылып, қол үшін созатын жалғыз ЖОО. Осы ЖОО оқып, қызмет жасап жүргенімізді әр кез мақтан тұтамыз Әлемде ЖОО көп, бірақ “Bolashaq” – жалғыз

Байшагиров Мейрбек Каирбекович, Председатель КДМ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.