“Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбындағы пікірталас алаңы»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында 2019 жылы 28 қарашада “Bolashaq” академиясының 316 аудиториясында “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”тақырыбында 1-4 курс студенттерінің қатысуымен пікірталас алаңы өткізілді.

Кездесуде жоғарғы курс студенттері мен “Bolashaq” Республикасының өкілдері презентациялармен сөз сөйледі, онда студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын, өз ұстанымын дәлелдей білу, таңдау жасау, командада жұмыс істеу мәселелерін қарастырды. Параның түрлерін білу. Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін бе?

Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, кері байланыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы пікір алмасты.

Сыбайлас жемқорлық — бұл күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс болып табылады.

БҰҰ бастамасымен 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі (International Day Against Corruption). Осы күні 2003 жылы Мексика Мерида қаласында жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылғы 1 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қою үшін ашық болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.