Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде «Қайғылы қаңтардың» тағылымы: қоғам бірлігі – тәуелсіздік кепілі» деп атады.
Осы орайда ел Президенті Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мемлекетіміздің дамуындағы аса күрделі де қауіпті кезеңге тап болғанымызды атап өтті. Біз конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген лаңкестердің айуандық зорлық-зомбылық әрекеттеріне тап болдық.
Президент орын алған қайғылы оқиғаларды бұрын-соңды болмаған басқыншылық және мемлекеттігімізге қол сұғушылық деп атады. Ол лаңкестердің зорлық-зомбылық әрекеттері құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар арасында көптеген шығынға ұшырағанын айтты.
Бақытымызға орай, біз бұл қиындықты жеңдік!
Енді біз бұған ешқашан жол бермеуіміз керек.
Демек, еліміз басынан өткерген жантүршігерлік қасіреттің себептерін саралап, оның салдарын нақты бағалау – баршамыздың алдымызда тұрған аса маңызды міндет.
Президент жаңа Үкіметтің алдына саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Ресми мәлімдемеде ел Президенті: «Халық бірлігі, Қазақстанның егеменді дамуы мен тәуелсіздігі идеяларына шынайы сенім қоғамды топтастыру мен мемлекетіміздің ілгерілеуінің қуатты іргетасы деп білемін. Біз бірге барлық қиындықтарды жеңеміз. Біз бірге жаңа Қазақстанды құрамыз», деп атап өтті.
Мемлекет басшысы мен Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельдің еуропалық тараптың бастамасымен өткен екіжақты келіссөздері барысында тараптар Қазақстанның ағымдағы ішкі саяси жағдайын және Қазақстан мен Еуропалық одақтың стратегиялық әріптестігін дамыту перспективаларын талқылады.
Ел президенті Қ. Тоқаев: «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» – деп айтқан болатын.
“Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – басымдық екені сөзсіз. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: “Мұғалім – мектептің жүрегі”. Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын”, – деді Қ.Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Президент Елде беделді шетел университеттерінің 5 филиалын ашуды тапсырды. Мәжіліс отырысында Қ.Тоқаев Қазақстанда жоғары білімге қолжетімділік мәселесі өзекті болып қала беретінін айтты. Президент оқу мен білім, ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл – дұрыс шешім!
Қ.Тоқаев отандық білім беру жүйесінің озық үрдісін сақтай отырып алға қарай даму, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде басты үміт мұғалімдерге жүктелетініне тоқталды. Жалпы, президент сөздерінің өн бойынан халыққа жақын да жағымды игі істер мен шаралардың нақты қолға алынып жатқандығы қуантарлық жайт.
Зaман алға жылжып, қоғaм өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы болып табылады. Сапалы білім – қарқынды дамудың басты шарты!
Біз, «Bolashaq» академиясы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың идеяларын қолдаймыз!