БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойғаны белгілі. Білім саласы бойынша Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов екі ел келісімінің негізгі бағыттарын жария етті. Бұл бағыттар оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы, өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру, т.б. қамтиды. «Bolashaq» академиясы Түрік елімен көп жылдардан бері өзара байланыста барынша өнімді еңбек етіп келеді.

Атап айтсақ, Ерзурумдағы Ататүркі университетімен, Кастамону университетімен, Кожаелі университетімен, Гиресун университетімен бірлескен бағдарламалар жасап, тәжірибе алмасып, әріптестікті дамытуда.

Алғашқы кезде алдымен өзмізде бұл университеттердің офистерін ашып, академиялық мобильдік үшін профессорлық-оқытушы құрам және студенттерге арналған түрік және ағылшын тілін меңгерудің жартыжылдық курстарын ұйымдастырдық. Қазіргі күні студенттеріміз бен магистранттарымыз, докторанттарымыз Түркі елінің университеттерінде білім алып жүр. Білім саласындағы бұл байланыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.

Фото-шежіремізде оқу орындары басшылары, оқу үдерістері, сонда білім алып жүрген студенттеріміз бейнеленген.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.