Академиямыздың білім беру өрісі кеңейе түсуде. Жуырда Қашықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы Сағыныш Исмагулов Түркия Республикасының Кония қаласында орналасқан Селджук (Селчук) университетімен байланыс орнатып, білім беру саласында әріптестік бойынша келісімшарт жасауға атсалысты. Екіжақ тараптары – ректорлары қол қойған бұл келісімшартта оқу бағыттарының түгелі дерлік қамтылған. Нақтырақ айтсақ, онда оқу, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, белгіленген тәртіпте бакалавриат, магистратура мамандықтары бойынша жекеленген пәндер мен модульдерді меңгеруге мүмкіндік берілген. Келісімшарт арқылы ынтымақтастық пен әріптестікті жүзеге асыру барысында Түркия мен Қазақстан Республикасының заңнамасы басшылыққа алынады және тең дәрежеде, ашық түрде және адалдық қағидаттарын сақтау негізінде өзара жүзеге асады.
You may also like
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр – сұлтан және Қарағанды қалаларында Конституциялық заңнама, сот жүйесі […]
2019-2020 оқу жылының 21 сәуірінде Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Bolashaq” академиясының білім беру бөлімінің өкілі Ж. М. Қонысбаеваның қатысуымен Skype […]
Наурыздың 4 жұлдызында «Bolashaq» академиясының жиын залында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Арулар мәңгі жасасын!» […]
“Bolashaq” академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы К-20-1 тобының студенттері Академияның әйелдер қауымын 8 наурыз-көктем мерекесімен құттықтап, бар жақсылықты тілейді!