Бастауыш мектептегі ата-аналармен жұмыс туралы ашық сабақ

Ашық сабақтар педагогикалық ұжымның озық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату нысандарының бірі болып табылады. «Bolashaq» Академияcында ашық сабақ өткізетін кафедра мүшелерінің ғана емес, оқу-әдістемелік кеңес мүшелерінің де ашық сабақтарға қатысуы дәстүрге айналды, және сабақтар талқыланып, шешімдер қабылданып, ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары құрылады.

2022 жылғы 15 қарашада «Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Шалтаева Роза Жиембаевна  ПМНО-19-2 тобында «Бастауыш мектептегі ата-аналармен жұмыс» пәні бойынша семинар өткізді. Тақырыбы: «Мұғалімнің төменгі сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері».

Оқытушы семинардың белсенді түрі ретінде іскерлік ойынды таңдады. Іскерлік ойын- белсенді оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Іскерлік ойын – еліктеу процесі, яғни факторларды кезең-кезеңімен нақтылау, ақпаратты талдау және белгілі бір жағдай бойынша шешімдерді қабылдау процесі.

Студенттер сабаққа өте белсенді қатысты. Тапсырмалар шығармашылық сипатта орындалды,студенттің кәсіби іс-әрекетінің тәжірибесімен тығыз байланысты болды. Сабақ соңында оқытушы студенттермен бірлесе жұмыс жасай отырып, сабақтың мақсаттарына сілтеме жасап, олардың жетістіктері туралы қорытынды мен жұмыс нәтижелерін талқылады; студенттердің іс-әрекетіне баға  қойылды, оларға түсініктеме берілді.Осылайша, семинардың құрылымы логикалық формада сақталып және пәннің жұмыс бағдарламасына толық сәйкес келді. Құрылымы түсінікті, ашық сабақ барысында тақырыптың барлық жоспарланған сұрақтары қарастырылды. Іскерлік ойын сабағының уақыты ұтымды, рационалды пайдаланылды.

«Педагогика» кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандидаты Шалтаева Р.Ж

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.